Мәдениет

Адамзаттың ұстазы

Ұлттық музейде Әбу Насыр әл-Фарабидың туғанына 1155 жыл толуына орай «Адамзаттың ұстазы» тақырыбында музейлік дәріс өтті.

 

Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы және Ақмола облысы Қосшы қаласы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысқан іс-шараның мақсаты – ғұламаның өмірбаянын шығармаларына негіздей отырып талдау арқылы оның тұлғасын тану, ғылым дамуына қосқан үлесін, оның музыка теориясымен және орта ғасырлардағы музыкалық аспаптар тарихымен таныстыру.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мақсат Алпысбесұлы қонақта болып, Әбу Насыр әл-Фараби жайында тың мағлұматпен бөлісті. Дәріс барысында өз заманында ортағасырлық түркі өркениетінің өркендеуіне зор үлес қосқан ғұлама ғалымның еңбектері, ол зерттеген музыкалық аспаптардың кейбір түрлері жайлы қызықты мәліметтер айтылды. «Kumbir» домбыра үйрету орталығының тәрбиеленушілері музыкалық нөмір ұсынды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button