Мәдениет

Әдебиет әлеміндегі әйел жүрегі

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Әдебиет әлеміндегі әйел жүрегі» атты кеш өтіп, оқырмандар жазушы Заря Жұманова мен ақын, әдебиеттанушы ғалым Гүлзада Ниетқалиевамен кездесті.  

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-журналист, республикалық «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, «Түнгі оттар», «Екіге бөлінбейтін келіншек», «Сіз іздеген адам», «Ұлтын сүйген ұлылар» прозалық жинақтардың авторы Заря Жұманованың есімі есті оқырманға жақсы таныс болуы тиіс. Ол – Қазақстан Жазушылар одағының Ғ.Мұстафин атындағы әдеби сыйлығының иегері, Сорос заманауи өнер орталығының, ЕҚЫҰ жабық бәйгелерінің жүлдегері.
Белгілі ақын Есенғали Раушановтың «Әйелден ақын шықпайды, Биші не күйші болмаса» деген мәтелге айналған өлең жолдары бар. Шайыр­дың осы сөзіне «Ақынмын десем не дер ең?» деп жауап жазып, кейін­нен Есенғалидың поэзиясын зерт­тегендердің бірі – ақын, ғалым Жанат Әскербекқызы. Гүлзада Ниет­қалиева да ақындығымен қоса Есен­ғали Раушановың поэзия­сына үңілген ғалым, филология ғылы­мының кандидаты және Махамбет атындағы сыйлықтың иегері. Оның қаламынан туған өлеңдер мен еңбектер «Қи­ғаштың қарлығашы», «Ақбота күнді аңсаумен», «Ар­дақ­тым», «Аллажар», «Дара», «Есенғали Раушановтың поэзия­сы» атты жыр жинақтары мен монографияларға айналған.
Кеште қос қаламгер атауы айтып тұрғандай, әйел адамның әдебиетте алатын орны туралы пікірлерін айтып, шығармашылық ізденістері туралы айтып берді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button