Ел тынысы

Аделияның арманы

Астана қаласының тұрғыны, көркем гимнастикадан Қазақстан жастар құрамасының мүшесі Аделия Құлмағанбетова – ел намысын байрақты бәсекелерде асқақтатып жүрген спортшылардың бірі.

Қазақстан чемпионатында топ жарып, Таиландта өткен құрлық біріншілігінде Азия чемпионы атанды. Халық­аралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды. Осымен тоқтамай, барша спортшы сияқты Олимпиада, әлем чемпионы болсам екен деп армандайды. Бұл да алынбайтын қамал емес, себебі Аделия қазір небәрі 15 жаста ғана.

«Аделияның кішкентай кезінен спортқа бейім екенін байқадық. Аулада ойнап жүріп, неше түрлі спорттық жаттығуларды жасайтын. Содан кейін 6 жасында көркем гимнастикаға бердік. Осы уақыт аралығында бірқатар жетістіктерге жетті» дейді Аделия­ның анасы Динара Ғосманқызы.

Аделия – Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы. Спортпен айналысып, әртүрлі сайыстарға қатысуы сабағына кедергі келтірмейді. Жарыстарда жүргенде сабаққа онлайн қатысады. Анасының айтуынша, ол 4 пен 5-ке оқиды. Спортпен ғана айналыспай, ағылшын тілін меңгеріп жатыр, би, қолөнер үйірмелеріне де барады. Жуырда «Education» баспа үйі Аделияны «Қазақстанның жарық жұлдызы» медалімен марапаттады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button