Елорда тынысы

Әдеп сақтау – мемлекеттік қызметшінің міндеті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

[smartslider3 slider=2104]

Кеңесте Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бо­йынша аумақтық инспекциясы әдеп жөніндегі уәкілдерінің «Мемлекеттік қызметшілердің 2021 жылға қызметтік әдепті сақтауына мониторинг және бақылауды жүзеге асыру нәтижелері туралы» есептері тыңдалды. Сондай-ақ тәртіптік комиссиялардың жұмысын талдау және 2021 жылғы 4-тоқсандағы мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасы қорытындылары қаралды.

Өткен жылдың қазан-желтоқсан айларында елордамыздың 80 мемлекеттік қызметшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 25 лауазымды тұлға басшылық лауазымдарды атқарады.

Бірқатар мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілерден тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау фактілері бар, бұл тәртіптік жазаны қолданудың формалдылығын көрсетеді.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол берген мемлекеттік органдардың басшыларына кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту және болашақта бұзушылықтардың алдын алу шараларын қабылдау ұсынылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button