Басты ақпаратЖаңалықтар
Әділбек Ниязымбетов – Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері!
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыс аяқталды.
Турнирдің финалында қазақстандық Әділбек Ниязымбетов пен кубалық Хулио Сесар Ла Крус кездесті. Жекпе-жек 0:3 есебімен Ла Крусдың пайдасына шешілді.
Айта кетейік, бұл медаль Ә.Ниязымбетовтың Олимпиада ойындарындағы екінші күміс жүлдесі. Алғашқысын ол Лондонда (2012) ұтып алған еді.
Осылайша Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржыны 13-ші жүлдемен толықты.