Басты ақпаратСаясатЭкономика

Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ: ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ БІЗДІҢ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА АТҚАРАР ЖҰМЫСТАРЫМЫЗДЫҢ БАСТЫ ИМПЕРАТИВІ БОЛУЫ ШАРТ

АСТАНА ІС ЖҮЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ПРОГРЕССИВТІ ДАМУЫНДАҒЫ МУЛЬТИПЛИКАТОР БОЛУЫ КЕРЕК

DSC_2206

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша қалалық активтегі баяндамасы.

Қайырлы күн, құрметті әріптестер!

«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Нұр­лы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауын жариялады.

«Нұрлы жол» – болашаққа бас­тайтын аса маңызды, қазіргі уақытта қажетті стратегиялық құжат.

Ел экономикасын өркендету, дамыған мемлекеттердің қатарынан лайықты орын алу үшін Жолдауда айтылған тапсырмаларды орындау – біздің міндетіміз. Сондықтан кешенді жоспар құрып, Елбасы тапсырмаларын  орындау іс-шараларын дайындауымыз керек. Қысқа уақыт ішінде табысты жұмыстар ат­қа­руымыз қажет.

Жолдауда мемлекетімізді, эко­номикамызды дамытудың барлық бағыттары, даму жолдары көр­се­тілген. Сондықтан бар күш-жігерімізді аямай жұмыс жасауымыз қажет. Бұл – біздің ортақ парызымыз, басты мақсатымыз.

Құрметті әріптестер!

«Қазақстан – 2050» стратегия­сының көкжиегін кеңейте келе, бү­­гінде әлемдік экономикадағы жағ­дай­­дың тұрақсыздығына қара­мастан, қатер мен қауіптерге жауап ретінде келесі кезең  – Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатына өттік. Екі вектордың қиылысатын жерінің бірі – Қазақ­станның даму жолы, екіншісі – сөзсіз табысқа қол жеткізу.

Биліктегі «Нұр Отан» партия­сы­ның Саяси кеңесі мәжілісінде Елбасы осыны өз Жолдауында атап өтті. Бүгін қалалық активтің кеңейтілген отырысында Жолдаудың басты тұстары мен бағыттарын талқыға саламыз. Бұл еліміздің қалыптасу тарихында өз орнын алатын, тарих еншісіне өтіп бара жатқан жылы болған маңызды оқиғалардың бірі деп санаймын.

Біз дамыған 50 мемлекеттің қа­­тарына қосылып, үздік 30 елге қо­сылуға қадам жасадық.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында Қазақстан үлкен жетістіктерге жетті. Бүгінде Қазақстан – мықты әлеуметтік-экономикалық іргетасы бар мемлекет. Біздің мемлекетіміздің жалпы модернизация мен реформалар жүргізу мерзімі басқа елдерге қарағанда кем дегенде 4 есе қысқа болып шықты.

Астанамыз Қазақстан өркендеуінің жарқын үлгісі болып табылады. Экономикалық-технологиялық дамумен қатар, әлеуметтік-мәдени са­лада да айтарлықтай жетістіктерге жетуде. Тіршілік әрекетіндегі елеулі өзгерістер бірден байқалады.

Осының барлығы, ең алдымен, уақытпен тексерілген стратегиялық жоспарлауды жетілдірген Елбасының саяси жігерлілігінің арқасы. Олар «Қазақстан – 2030», «Қазақстан – 2050» құжаттарында бекітілген және еліміздің бүгінгі «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатында да көрсетілген.

Мемлекет Басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы – бұл экономика өсуінің жетеккүші.

Алда бізді үлкен және жауап­кер­шілікті жұмыс күтіп тұр, оны лайықты атқару үшін біз әрдайым ұйымшыл болуымыз қажет. Біздің күшіміз бірлікте, бір-бірімізге толерантты болуымыз керек, ұлтаралық және конфессияаралық ынтымақтастықты сақтау керек дегенді Елбасымыз атап айтты.

Кез келген мемлекетте экономика өркендемесе, әлеуметтік прогресс тежеледі. Біздің алдымызда жаңа эко­­номикалық принциптерге көшу мақсаты тұр. Бірінші кезекте 2015 жылға арналған бюджеттің пара­метр­лерін қайта қарау керек, соған сәйкес өзгертулер енгізу қажет. Сонымен қатар, біз барлық әлеуметтік шарттар мен міндеттемелерді қам­тамасыз етуіміз керек.

Көлік, энергетика, индустриалды және әлеуметтік инфрақұрылымдар, сондай-ақ, шағын және орта бизнес қосымша көмек алуы тиіс. Сондықтан келесі бағыттарды назардан тыс қалдырмауымыз қажет.

Бірінші. «ЭКСПО – 2017» ха­лықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында Астана қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту керек, бұл елордалық әуе­жайда жаңа терминалдың құрылысы  мен ұшып-қону жолын қалпына келтіруге де қатысты.

Екінші. Индустриалды инфра­құрылымды дамыту. №2 Индус­триалды паркті салу жұмыстарын жалғастыру керек, оны нақты жо­ба­­лармен толтырып, ілеспелі ин­­фра­құрылымды қалыптастыру қа­жет.
Бұл шағын және орта бизнесті да­мытуға, қосымша инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын құруға үлкен ықпал етеді.

Қаланы дамытудың маңызды бағыттарының бірі – «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру болып табылады. Оған елордамыздың тұрмыс-тіршілігінің көптеген салалары кіреді, сондықтан бұл мәселені назарда ұстау керек.

Үшінші. Энергетикалық инфра­құрылым. ЖЭО-1, ЖЭО-2 қалпына келтіру жұмыстарын, ЖЭО-3 және басқа да ірі энергетикалық жо­ба­лардың құрылысын, соның ішінде ТКШ инфрақұрылымын және су-электр қуатымен қамту желілерін жаңғыртуды белгіленген мерзімде жүргізуіміз керек.

Төртінші. Арендалық тұрғын үй құрылысын жүргізу тәсілдерін қайта қарастырып, оны делдалсыз және барынша төмен пайыздармен несиеге беру керек. Бұл туралы Жолдауда тура айтылған.

Бесінші. Әлеуметтік инфра­құ­рылымды дамытуды, жеке секторды тарта отырып, мектептердегі және мектепке дейінгі мекемелердегі орындардың жетіспеушілігін қыс­қартуды қолға алу керек.

Саясаттың жаңа ұстанымдары әлеуметтік кепілдемелер мен жеке жауапкершілікке қатысты. Бүгінгі қоғамның талабы – жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясат. Оған, біріншіден, мемлекет кепіл берген ең төменгі әлеуметтік стандарт, екіншіден, халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы көмек көрсету, үшіншіден, әлеуметтік дисбаланс мәселесін шешу және ең соңғысы,  төртіншіден, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және еңбекақы төлеу саясатын модернизациялау жатады.

Қазіргі заманғы білім жүйесінің бағыттары анықталды. Білім мен кәсіби біліктілікке ие болу, кадр­ларды дайындау және қайта даярлау. Олардың тұрақтылығы мен ор­нық­­тылығы үшін ұдайы креативті ше­шімдер, салыстыра тексерілген шаралар мен шешімдер қабылдау керек.

Алтыншы. Құжатта ұлттық эко­номиканың жетекші күші – кәсіп­керлікке жан-жақты қолдау көрсету керек делінген. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Оның елорданың жалпы өңірлік өнімі құрамындағы үлесін ұлғайту керек.

Жалпы алғанда, әрбір басқарма өзінің егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу керек. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпы қалалық іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет. Қала әкімі аппаратына жалпыұлттық жоспарда көрсетілген міндеттерді ескере келе, оны дайындау бойынша шараларды қабылдауды тапсырамын.

Құрметті астаналықтар!

Барлықтарыңыз Президентіміздің Жолдауын тыңдадыңыздар. Оның айтқан мына сөздері естеріңізде қалған болар: «Біздің кең-байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отыр­ған. Біз Астанадан барлық жақ­тар­ға автомобиль, теміржол және авиа­циялық магистральдар тарай­тындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүрек­тен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты».

Нұрсұлтан Әбішұлы дамудың басты орталығы ретінде елорданы тегін белгілемеді, нақтырақ айтсақ, Астана – мемлекетіміздің дамуының негізгі орталығы.

Бізге, астаналықтарға, Президент көп үміт пен сенім артатыны белгілі. Сондықтан осында отырған барлықтарыңызға Елбасы тапсырмасын орындау үшін үлкен міндет жүктеліп отыр.

Мемлекет Басшысының Жолдауы біздің алдағы уақыттағы ат­қарар жұмыстарымыздың басты импе­ративі болуы керек, Астана іс жүзінде мемлекеттің прогрессивті дамуындағы мультипликатор болуы керек.

Елбасы Жолдауының негізгі шарттарын сапалы және тиімді орындау арқылы көзделген мақсаттарға жетеміз деп сенемін.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button