Жаңалықтар

ӘДІЛБЕК ЖАҚСЫБЕКОВ – «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

ERA_2741

Елордада «Нұр Отан» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен партияның Астана қалалық филиалының ХІХ есептік-сайлау конференциясы өтті.

Конференцияда елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков партияның Астана қалалық филиалының төрағасы болып сайланды.

Әділбек Жақсыбеков көр­сет­кен сенімдері үшін партиялас­тарына ризашылығын білдіріп, елордадағы партиялық ұйымның төрағасы ретінде оған зор жауап­кершілік жүктеліп отыр­ғанын атап өтті.

«Партияда жаңа саяси техноло­гиялармен жауапкершілікке ықпал етудің ақпараттық тәсілдері пысықталуы тиіс. Партияаралық пікірталас біз үшін нормаға айналуы қажет және біз ынтымақта болуға ұмтылуымыз керек» деді Әділбек Рыскелдіұлы.

Сондай-ақ, қала әкімі Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жол­дауындағы тапсырмаларды пар­тиялық құрылымдар арқылы тия­нақты орындауға айрықша мән беру керек екенін айтты.

Бұдан бөлек, Астана қалалық Саяси кеңесінің жаңа құрамы анықталды. Жаңа құрамға мемле­кеттік қызмет, білім беру мен ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, салалық экономика мен қызмет көрсету кәсіпорындарының жұ­мысшылары, сондай-ақ, аза­маттық қоғам белсенділері мен «Жас Отан» жас­тар қанатының мүшелері сайланды.

Ал «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек: «Партия көшбасшысының жетек­шілігімен тәуелсіздігімізді нығайтуға өз үлесімізді қосатынымызға сенім­дімін. Бұл – біздің саяси доктринамызда айтылған басты жетістік. «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясаты әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуға қарқынды қадам жасауға жағдай туғызады. «Нұр Отан» партиясының мақсаты – бірлікті, келісімді, қоғамдық тұрақ­тылықты қамтамасыз ету» дей келіп, партияның астаналық филиалына үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар, конференцияда «нұротандықтар» партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жүзеге асырылуын талқылады.

Партияның сайлауалды тұғыр­на­масының орындалу нәтижесіне көз жүгіртсек, Астанадағы жұмыссыздық деңгейі жыл өткен сайын төмендеп келеді. Биылғы жылдың екінші тоқ­санында бұл көрсеткіш 0,3%-ға төмендеп, 5,2%-ды құраған. Ал сәбилердің шетінеуі 21,4%-ға төмен­деп, қазір 100 мың балаға 7-ден келеді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны да өсу үстінде. Алдыңғы жылмен салыстырғанда, олар 4,3%-ға артып, барлығы 9 076 субъектіні құрап отыр. Бүгінгі күні 903,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,5%-ға жоғарылаған.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button