Ресмиет

ӘДІСТЕМЕЛІК АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

IMG_4899

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында елордадағы Басқару колледжінде өткен «Әдістемелік ашық есік күні» шарасына Білім Басқармасының өкілдері Б.Жүкенова, С.Исина, Б.Хатпина, «Өрлеу» біліктілікті көтеру институтының аға оқытушысы М.Дүйсебаева және Астанадағы колледждердің оқытушылары қатысты.

Ашық сабақтар әдістемелік бағдарламаға сәйкес өтті. Жалпы білім беру пәндері бойынша алты оқытушы, атап айтсақ А.Жабинова, Р.Өзбекова, П.Хамзина, Т.Смағұлов, Н.Омарова, С.Әлиев және арнайы пәндер бойынша О.Мәнібаев, К.Бақбергенова, С.Муравьева, Ф.Түсіпбаева, А.Алшынбаева мен В.Ростанец ашық сабақтарын көрсетті. Сонымен қатар, арнайы пәндер оқытушылары А.Қуанғалиева, А.Төкежанова сабақтан тыс іс-шара өткізді. Шараға қатысушыларға, әсіресе, В.Ермакованың «Табысты оқытушы. Ол қандай болуы керек?» атты семинар-тренингі, сондай-ақ, «Көктемгі калейдос­коп» атты дефиле ерекше әсер қалдырды. Ал, әдістемелік кабинет көрме ұйымдастырды.

Қонақтар ашық сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға жоғары деңгейде баға беріп, колледж басшылығына өте жақсы ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

 

Гүлжәмилә ӘКІМБЕТОВА,

Басқару колледжі тәрбие жұмысының меңгерушісі

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button