Ел тынысы

Әдеп жөніндегі уәкіл сұхбат өткізді

Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында жұмыстар ұдайы жүргізіліп отырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі мемлекеттік-әкімшілік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мамандармен келесі сұрақтар бойынша сұхбат өткізді.
– сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау:
1) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақы төленетін қызметпен айналысу;
2) кәсiпкерлiк қызметпен айналысу;
3) өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты немесе өзiнiң тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өкiл болу; 4) өзiнiң қызметтiк жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсаттарда пайдалану;
5) ереуiлдi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысу;
6) лауазымдық өкiлеттiктерiн атқаруына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетiн қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалану;
– мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау;
– мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша оқыту жұмыстарын ұйымдастыру;
– мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшінің өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын лауазымды атқаруы, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында;
– қатысты кәсiпкерлiк қызметпен айналысу жөніндегі шектеудің сақталуы және мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелерін зерделеу.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button