Әділет департаментінің өткен жылғы жұмысы жарияланды
Астана қаласының Әділет департаменті өткен жылғы жұмысының қорытындысын жариялады. Қалалық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысының орынбасары Азамат Айнабеков атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелерін баяндап, мемлекеттік кірістерді өндіріп алу, мүлікті тәркілеу және атқарушылық құжаттар талаптарын орындамау үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ол өз сөзінде департамент жұмысының маңызды бөлігі мемлекет кірісіне тәркіленген мүлікті беру болды.
«Өткен жылы Әділет департаментінің мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімі 1225 атқарушылық құжатты қарады, оның ішінде 452 құжат толығымен орындалып, бюджетке 143 млрд теңге түсті.
Департамент басшысының орынбасары алимент төлемеу және құқық бұзушылықтармен күрес мәселесінде де сөз қозғап өтті.
«2024 жылы Әкімшілік тәжірибе бойынша аумақтық бөлімі жеке сот орындаушыларынан 3 143 ұсыныс қабылдап, 436 әкімшілік хаттама толтырды. Оның ішінде 412 хаттама бойынша борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 48-і қамауға алынып, 364-іне айыппұл салынды. Алимент төлемегені үшін 43 борышкер қамауға алынып, 139 адамға айыппұл салынды.
2024 жылы департаменттің негізгі жұмысы мемлекет пен азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталды. Біз заңның орындалуын қамтамасыз етіп, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастырамыз», – деді Астана қаласының Әділет департаменті басшының орынбасары Азамат Айнабеков.