#Жаңа Қазақстан

Әділетті мемлекет бүгіннен басталады

Бұл сайлаудың ел үшін орны бөлек. Себебі осы сайлаудан кейін біздің саяси институттарымыз толығымен жаңарады. Мемлекет маңызды қадамға аяқ басып жатыр деп ойлаймын. Бұған дейін референдум өтсе, енді міне сайлау өтіп жатыр. Осы кезеңнен тездетіп өтіп, жаңаша жұмыс істейтін мемлекеттік биліктің құрамын қалыптастырып, саяси жаңғырудың жаңа кезеңін бастаймыз деп ойлаймын.

Әлемде үлкен геосаяси өзгерістер орын алып жатыр. Осы өзгерістерге қай ел, қай қоғам, қай жүйе жылдам бейімделсе, сол мемлекет алдыңғы қатарда болады. Ал жаңашылдыққа баяу, оны қабылдамайтын елдер, меніңше, соңғы сапта қала береді. Саясатта ғана емес, кез келген салада осы заңдылық бар. Әр жерде бәсеке бар. Бәсекеге қабілеттілер ғана алға қарай ілгерілейді, жетістікке, жеңіске жетеді. Сондықтан қысқа мерзім ішінде елімізде өзгеріс жасауға тырысып жатқанымыз – құптарлық жағдай. Осы сайлаудан кейін қоғам әділетті Қазақстан деген ұғымға сеніп, әділеттілікке қарай бет бұрады деп есептеймін.

Мен көп жылдары шет елде болып, сол жақта білім алдым, қызмет істедім. Басқа елде жүрсем де, өз басым Қазақстанда тұрып, өмір сүріп және де ұрпағымды өсіріп, жетілдіргім келеді. Қазақстан азаматы болғандарын, ел игілігі үшін қызмет еткендерін қалаймын. Ол үшін біз өскелең ұрпағымызға жақсы жағдай жасауымыз керек. Кішкентай балаларымыз әділетсіздікті көрмесе екен, білім алу, ем алу үшін шетел асуға асықпаса екен деймін. Қазіргі таңда осы тұрғыда елде бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Еліміз ауызбіршілікте болса, сол мақсаттардың бәріне жете аламыз деп сенемін.

Олжас Сүлейменов,

«Qazaqstan Team» Республикалық жастар қоғамдық

бірлестігінің жетекшісі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button