Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз

Ұлыстың ұлы күні – ұлтымыздың ұлық мейрамының қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Expo көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесін қарсы алу рәсіміне қатыстым.
Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев былтырдан бастап жаңа тұжырымдамаға сәйкес он күн бойы аталып өтетініне назар аударып, Наурызнаманың әр күні тағылымға толы екенін айтты.
Оған қоса, Мемлекет басшысы биыл Конституциямызға және Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толатынын, сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтенімізді баса айтты.
“Біз «Заң мен тәртіп» қағидасы берік орныққан, әділетті, қауіпсіз, таза, мәдениетті және дамыған Қазақстанды міндетті түрде бірге құрамыз! Қазақстаннан басқа еліміз жоқ. Сондықтан бәріміз бір қоғам болып мемлекетімізді нығайтайық, дамытайық, көркейтейік” – деді өз сөзінде Президент.
Исмаилов Акбаржон Яхияхожаевич
ҚХА Кеңес мүшесі
Қазақстандағы Тәжіктердің Республикалық этномәдени орталығының төрағасы