Әдістемелік семинар өткізді
Астана қаласы аумақтық референдум комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі елшіліктері мен өкілдіктерінің қызметкерлеріне әдістемелік семинар өткізді.
Қазақстанда атом энергиясын пайдалану бойынша референдум 2024 жылдың 6 қазанында өтеді деп жоспарланған.
Үстіміздегі жылдың 17 қыркүйегінде Астана қаласы аумақтық референдум комиссиясының мүшелерімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен ұйымдастырылған бейнеконференц байланысы арқылы Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі елшіліктері мен өкілдіктеріндегі учаскелік референдум комиссияларының мүшелеріне «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына енген өзгерістер мен толықтырулар туралы және республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу туралы әдістемелік семинар өткізілді. Аумақтық референдум комиссиясының мүшелерімен семинар барысында шет мемлекеттердегі референдум комиссияларының мүшелерімен қойылған сауалдарына түсіндірмелер жүргізілді.
Қазақстан Республикасының азаматтары ағымдағы жылдың 6 қазанында шет мемлекеттерге жол жүруді жоспарлаған болса, сол елдердегі референдум комиссиясының мекенжайы мен комиссия мүшелерінің тізімін мына сілтеме бойынша біле алады: www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/article/details/181701?lang=ru, www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/article/details/181701?lang=kk
Қ.АППАЗОВ,
Астана қаласы аумақтық референдум комиссиясының мүшесі