Елорда тынысы

Әйел кәсіпкерді қолдау күшейеді

Елордада «Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігі қауымдастығын қолдау» атты конференциясы өтті.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өз сөзінде мемлекет елдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға айтарлықтай күш салып жатқанын атап өтті. Бұл ШОБ-тағы (шағын және орта бизнес) әйелдердің өсіп келе жатқан үлесімен расталады (2011 жылы – 38,4%, 2021 жылы – 44,5%). «Кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін қолдау мақсатында қаржылай және басқа да қолдау шаралары ұсынылады» деді ҰЭМ басшысы.

2022 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидия­лау шеңберінде кәсіпкер әйелдердің 6 мыңнан астам жобасы қолдау тапты, кредиттерге кепілдік беру бо­йынша 4 мыңға жуық жоба қолдау тапты. Ақпараттық қамтамасыз ету бойынша 19 мыңнан астам консультация, сондай-ақ сервистік қолдау бойынша 11 мыңнан астам консультация берілді.

– Өткен жылдың наурыз айынан бастап ел өңірлерінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың 17 орталығы жұмыс істей бастады. Биыл орталықтар үш жаңа облыс­та ашылды. 8 мыңнан астам әйелге қызмет көрсетілді, олардың 19%-ы ауылдық жерлерде тұрады, – деді Ә.Қуантыров.

2022 жылы ауыл әйел­деріне қолдау көрсету үшін төрт облыста (Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, БҚО) «Бір ауыл – бір өнім» қанатқақты жобасы іске асырылды. Бағдарлама әр аймақтың ерекшелігін ескере отырып, бірегей жергілікті өнімдерді жасау үшін ауылдас-әйелдерінің кооперациясын ынталандыруға бағытталған. Биыл бұл бағыт Қазақстанның барлық аумағында үздік халықаралық тәжірибелерді қолдана отырып жүзеге асады.

Бұдан басқа, ҚР ҰЭМ Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп, әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың бәсекеге қабілеті мен әлеуетін арттыруға бағытталған «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын іске асыруда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button