Uncategorized

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселесі талқыланды

Астанада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz/

Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағы жанындағы Кәсіпкер әйелдер кеңесінің 3-ші Бас Ассамблеясына және Түркі мемлекеттері ұйымы мен Түркі инвестициялық қорының қолдауымен ұйымдастырылған Кәсіпкер әйелдер бизнес-форумына қатысты.

Шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстаннан 200-ден астам әйел кәсіпкерлер, инвесторлар мен сарапшылар қатысты.

Азимова өз сөзінде мықты әлем құру үшін, қоғамдастықтың, мемлекет пен тұлғаның тұрақты дамуы үшін бизнестегі әйелдердің әлеуетін арттырудың маңыздылығына баса назар аударды. Осы бағытта ол әйелдер кәсіпкерлігі мен құқық арасындағы байланысты атап өтті.

«Біріншіден, кәсіпкерлік экономикалық және әлеуметтік прогрестің қозғаушы күші болып табылады, ал заңнама мен сот төрелігі жүйесі бизнес процестердің құқықтық айқындылығын және жанжалдардың алдын алуды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, қабылданып жатқан шешімдердің нәтижесін болжау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары саласындағы басшылық қағидаттарын іскерлік ортада интеграциялауға ерекше назар аударылады.

Үшіншіден, климаттың өзгеруі жағдайында және қоғамның тұрақтылығын сақтауға деген ұмтылыста әйелдер кәсіпкерлігі үлкен әлеуметтік бағдарға ие, сондықтан бизнестегі әйелдерінің әлеуметтік бағдарланған және тұрақты заңнаманы әзірлеуге қатысуға барлық мүмкіндігі бар», – деп атап өтті Конституциялық Соттың Төрағасы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button