Ел тынысы

Әйелдер құқығы тақырыбында семинар өтті

Астанада әйелдер құқығын қорғау саласындағы озық халықаралық тәжірибе талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сыртқы істер  министрлігінде Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақ қолдауымен Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері үшін «Әйелдер құқығын қорғау: халықаралық және еуропалық тәсілдер» тақырыбында екі күндік семинар өтті. Оған бірқатар министрліктер, Бас прокуратура, адам құқықтарын қорғау саласындағы ҮЕҰ және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Қатысушылар Қазақстан мен ЕО қарым-қатынасын дамытудың алдағы сипатын атап өтті.

Қазақстан гендерлік теңдікті толық сақтауды және әйелдер құқығын қорғауды қамтамасыз етуге аса мән береді. 2023 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысы Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимылдың жаңа жоспарын бекітті, Парламентте әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер жобасы қаралуда. «ҚР-мен ЕО арасындағы 2019-2023 жылдарға арналған тату көршілік және ынтымақтастық жөніндегі басымдықтар» сәтті жүзеге асырылды, келісім іске қосылған сәттен бастап Қазақстан ЕО-тың Қылмыстық сот төрелігі саласындағы үш құқықтық құжатына қосылды.

Іс-шарада әйелдердің құқықтарын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құқықтық құралдардың бірі саналатын әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы ЕО Конвенциясының маңызы атап өтілді. ЕО және Еуропа Кеңесінің өкілдері семинар тақырыбының өзектілігіне тоқталып, бұл семинар Қазақстанның Ыстанбұл конвенциясына қосылуына ықпал етеді деген үміт білдірді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button