Елорда тынысы

Әйелмен әлем әсем

Кеше Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – ­Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлем әйелдермен әсем» атты ­мерекелік шара өтті.

Елорданың дамуы мен гүлденуі жолында әр салада табанды еңбек етіп келе жатқан әйелдер қауымын мерекемен құттықтау мақсатында өткен шараны аудан әкімі Ерлан Жаулыбаев өзі жүргізіп, алтын құрсақты аналарға «Алтын», «Күміс» алқаларын табыстады.

«Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы!» деген Мұқағали Мақатаевтың керемет сөзі бар. Ананың құдіреті шексіз, оның алдында барша халық бас иетіні бәрімізге аян. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына, ақ жаулықты ана орамалын тастағанда, соғыс тоқтап, екі жақ бітімге келген екен. Дәстүрімізді сақтап келе жатқан әйел затын қадірлейтін халықпыз. Қазақ ұлты әрқашан қыз баланы құрметтеп, алақанына салып аялап отырған. Бұл салтымыз әр отбасында заңдылыққа айналған. «Ана» деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек, толқымайтын көңіл болмайды. Сондықтан бұл кездесу «Әлем әйелдермен әсем» деп атауға әбден лайық» деді ол.

Бұдан бөлек, құқық қорғау қызметкерлері мен коммуналдық салада еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер әкімнің алғыс хатымен марапатталады.

Шараға мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Білім және ғылым министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, білім беру ісінің құрметті қызметкері Әсима Бимендина, ҚР еңбек сіңірген әртістері Майра Ілиясова, Бағдат Сәмединова, Света Айтбаева, елордалық белгілі тележүргізушілер мен журналистер, 2022 жылы өткізілген «Инклюзия ханымы-2022» жеңімпазы, сондай-ақ, басқа да қоғам қайраткерлері мен елорданың дамуы жолында еңбек етіп келе жатқан нәзік жандылар, аудан белсенділері, ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар мен әр сала өкілдері қатысты.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button