Қоғам

Әкімдердің біліктілігін арттыру басталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде сайланған аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қ. Бозымбаев бағдарлама әкімдерді ауыл экономикасының дамуына әсер ететін негізгі факторларды айқындауды және әкімдер өз ауылдарының экономикалық бағыттарын анықтауды, сондай-ақ өнім өндіруден бастап, оны сертификаттау мен сатуға дейінгі тікелей тізбекті құруды үйрететінін айтты.

коммуникациялар және өзге дағдыларды дамытуды көздейді.

Бағдарлама практикалық жаттығулар, интерактивті пікірталастар, тренингтер, экономика, мемлекеттік басқару, құқықтану салалары бойынша сарапшылармен кездесу және оффлайн, онлайн форматта 240 академиялық сағат оқытуды қамтиды. Бұдан өзге, жұмыс барысында ең көп жол берілетін кемшіліктерді ескере отырып, практикалық кейстер және оларды тиімді шешу жолдары қаралатын болады.

Оқытудың қорытындысына сәйкес әкімдер өңірлерді экономикалық дамытуға қатысты жобаларын қорғайды.

Жиын барысында әлемде цифрландыру мен технологияның қарқынды дамуына сәйкес елімізде өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру үшін білікті менеджерлерді қалыптастырудың маңыздылығын ескере отырып, әкімдердің біліктілігін арттыру барысында теориялық әрі практикалық тәсілдерді қолдану қажеттігі айтылды.

Бағдарлама Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардағы филиалдары арқылы жүзеге асырылады.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button