Елорда тынысы

Әлем атлеттері Астанада жиналады

2024 жылдың қаңтарында Астанада Азия құрлығының аумағында алғаш рет World Athletics Indoor Tour Gold Label өтеді.

Қаламыз бес шет елдің қалаларынан келетін жеңіл атлеттерді қабылдайды: Бостон, Нью-Йорк, Бирмингем, Торунь, Льевен және ­Мадрид. Астаналық жеңіл атлеттер бірінші болып жарысты ашады. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Бүгін «World Athletics» (Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы) ұйымының өкілдерімен кез­дестім. Пирс О’Каллаган және Роберт Вагнермен жақын танысып, жарысты ұйымдастыруға қатысты іс-шараларды талқыладық. World Athletics Indoor Tour – 2016 жылдан бері өтіп келе жатқан жабық жеңіл атлетика жарыстарының жыл сайынғы сериясы. Бұл спортшыларға Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарына қатысу үшін ұпай жинауға мүмкіндік беретін жарыс. Мұндай деңгейдегі жарыстарды өткізу қазақстандық жеңіл атлеттердің әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі» деді Е.Байкен.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button