Әлем чемпионатының бокстан жүлдегерлері Астанаға оралды

Елордадағы халықаралық әуежайда 2025 жылғы6-16 наурыз аралығында Сербия Республикасының Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстанәлем чемпионатының чемпиондары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Елге оралған то спортшылар қатарында Әлем чемпионы Аида Абикеева, әлем чемпионатының қолажүлдегері Наталья Богданова, сондай-ақ Анита Адишева, Карина Ибрагимова, Жасмин Кизатоважәне Надежда Рябец бар.
Еске сала кетейік, чемпионат қорытындысыбойынша Қазақстан жалпы командалық есепте екіншіорын алды. Бірінші орынды Ресей құрамасы (4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль) иеленсе, үшінші орынғаТүркия құрамасы (1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль) тұрақтады.
Бұл чемпионатта Назым Қызайбай Қазақстан тарихында тұңғыш рет үш дүркін әлем чемпионы атанды. Алтын медальді Алуа Балкибекова мен Аида Абикеева жеңіп алды. Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова күміс жүлдеге ие болса, Наталья Богданова қола медаль иеленді.
Чемпионатқа 50-ден астам елдің 239 спортшысықатысты. Бұл Қазақстан үшін жоғары бәсекелестіктеөткен маңызды жекпе-жек екенінін көрсетеді.