Мәдениет

Әлем мойындаған музыка әуеледі

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония «Viva musica!» топтамасынан концерт ұсынды. Оның барысында өнер ұжымының симфониялық оркестрі кеш қонағы, дирижер Алан Киркоптың (Мальта Республикасы) жетекшілігімен өнер көрсетті. 

Кеш бағдарламасына Людвиг ван Бетховеннің №5 симфониясы, Иоганнес Брамстың скрипка мен виолончельге арналған қос концерті және Тілес Қажығалиевтің «Қыз қуу» шығармасы енгізілді. Қос концерттің орындаушылары – халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Салтанат Орынбаева (скрипка) мен Бақытжан Жантұрғанов (виолончель).

Қазақтың көрнекті композиторы Тілес Қажығалиевтің мұрасы – қазақтың кәсіби музыкасын байытып, ұлттық симфониялық және камералық музыканың айрықша белгісі. Оның оркестрлік туындыларын әлемнің әртүрлі елдерінде орындалған. Атап айтқанда, 2007 жылы Лондон Корольдік филармония оркестрі репертуарына енген. Ағылшын баспасөзі «Қыз қуу» пьесасы туралы «…шетсіз-шексіз далада желмен жарыса емін-еркін шауып жүрген жас шабандоздарды елестететін, қиялды толқытатын бояулар мен қуатқа, әдемі, көзге көрінетін дерлік дыбыстарға толы» деп жазды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button