Спорт

Әлемдік аренада топ жарды

Елордалық команда 24-29 қараша күндері Австрия елінің Грац қаласында эстетикалық топтық гимнастикадан өткен Әлем чемпионатында, сонымен қатар «IFAGG Trophy» және «Steiermark Cup» халықаралық турнирлеріне қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Әлем чемпионатына 45 командадан құралған 365 спортшы бақ сынады. Ал «IFAGG Trophy» халықаралық турниріне 63 командадан 600 гимнасшы, сонымен қатар «Steiermark Cup» турниріне 94 командадан 900 спортшы қатысып, бәсекеге түсті.

Аталған үш жарыс астаналық құрама команда үшін сәтті өтті. Олардың қоржынына 1 күміс, 3 қола медаль түсті. Бұл жеңіс – астаналық жаттықтырушылар З.Давлетьярова мен А.Ақмұрзинаның қажырлы еңбегінің жемісі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button