Қоғам

Әлеуеті зор әлеуметтік жобалар

Елордада өткен 50 үздік әлеуметтік жобаның жәрмеңкесінде осы саланың дамуына кәсіпкерлердің қосқан үлесі аталып өтіп, ең таңдаулылары марапатталды.

Іс-шараның мақсаты – табысты әлеуметтік бастамаларды ұсыну, белсенді азаматтық жобаларды қолдау және оларды одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылау.

«Биыл елордада үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп 50-ден астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Жобалар барлық әлеуметтік саланы қамтиды: білім беру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың, балалардың бастамаларын және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, олардың құқығын қорғау, отбасы және тұрмыс мәселесін шешуге көмектесу. Бүгінгі таңда қалада азаматтық бастамаларды қолдау және дағдарыстық жағдайларды шешуге көмектесетін 15-тен астам көпфункционалды орталық бар. Елордалық үкіметтік емес ұйымдардың күнделікті жүйелі жұмысының арқасында табысты жүзеге асырылған жобалардың саны мен сапасы жыл сайын артып келеді» деді Астана қалалық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мирас Әбдірахман.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңке үздік әлеуметтік шешімдерді көрсету, тәжірибе алмасу және тың идеяларды дамыту алаңына айналды.
«Біз «Азаматтық қоғамда креативті индустрияны дамыту бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» бағдарламасы аясында үздік деген 50 әлеуметтік жобаның жәрмеңкесін ұйымдастырдық. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған жобалар іріктелуде. Қаңтар айының соңында анықталатын үздік әлеуметтік жобаға қалалықтардың барлығы дауыс бере алатын сайт жасадық» деді Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес сектормен жұмыс бөлімінің басшысы Айдана Қамзаева.

Іс-шараға қатысушылар өз жобасын ұсынып, қол жеткізген нәтижесімен бөлісіп, болашақта ынтымақтастық орнату мақсатында бір-бірімен танысып қайтты. Сондай-ақ қонақтар назарына әлеуметтік жобалар туралы бейнероликтер қойылған стенд ұсынылды. Шараны Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен «Қазақстан даму» қауымдастығы ұйымдастырды.

Айгүл УАЙС

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button