#Жаңа Қазақстан

Әлеумет мүддесін көздейді

«Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабының мүшелері «Астана­ЖылуЭнерго» орталығы ұжымымен кездесу өткізді. Штаб басшысы Қайрат Айтбай жиналғандарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

«Әлеуметтік әділдік болуы керек. Мәселен, кеншілерге, қазандықтарда жұмыс істейтіндерге үстеме­ақы жоқ, жәрдемақы қарастырылмаған. Егер сіз өзіңіз сайлауға бармасаңыз, дауыс бермесеңіз, баяғы жартас – сол жартас қалпында қалады» деді штаб басшысы.

Астана мәслихатының депутаттығына кандидат Әлібек Қашкеев кездесуде елорданың энергетика мәселесін қозғады. Бұрын энергия таратушы компанияның топ-менеджері болған ол өзі мән-жайын жақсы білетін мәселелерді шешудің жолдарын айтты. «Байтақ» белсендісі 10 жылдан бері жыр болған 3-ЖЭО-ның жайын еске салды. Сондай-ақ электр қуатын тарифтеу және үнемдеу мәселесін көтерді.

«Біз Мәжіліс пен мәслихатқа әкімдіктің мақсатты қаржыны әділ бөлуі, барлық қызмет аясында әкімдіктің өзі тиісінше жұмыс істеуі, өзіне жүктелген жауапкершіліктен жалтармауы үшін барамыз. Депутаттың бір функциясы – әкімнің өзі атқаратын лауазымға сәйкестігі немесе лайық еместігі туралы мәселе қою және материалды құқық қорғау органдарына беру, халық мүддесі үшін қажет жағдайда біз мұндай мүмкіндіктерді мүлт жібермеуіміз керек» деді Ә.Қашкеев.

Кездесуде ЖЭО-ны жаңғырту мәселесі талқыланды. Экология министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы елордада 1-ЖЭО және 2-ЖЭО-ға газ құбырын тарту құрылысы аяқталды. Қазір су жылыту қазандықтары газбен жұмыс істейді.

Сондай-ақ «Байтақ» жасылдар партиясының басшылығы мен саяси құрылым өкілдері «Алаш» қозғалысы көшбасшыларына арналған ескерткіш маңына жиналып, тарихи тұлғалардың рухына тағзым етті. Елордада өткен іс-шараға қаладағы қоғамдық қордың бірі мұрындық болды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button