Әлеуметтік әділдік мәселесіне ерекше назар аударды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “ Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту” атты мақаласында әлеуметтік әділдік мәселесіне ерекше назар аударды. Ол тең мүмкіндіктерді мемлекеттік саясаттың негізі ету қажеттігін атап өтті.
“Біз әр адам өз әлеуетін жүзеге асыра алатын қоғам құрып жатырмыз”, — деді Мемлекет басшысы. Ол тек осал топтарды қолдаумен ғана шектелмей, барлық азаматтарға жүйелі жағдай жасауға ерекше көңіл бөлді: сапалы білім беруді қамтамасыз ету, қолжетімді денсаулық сақтау және ресурстарды әділ бөлу.
Әлеуметтік әділдік — бұл жай ғана ұран емес, елдің дамуының басты бағыты. Оған қол жеткізу барлық деңгейдегі биліктің жүйелі және дәйекті жұмысын талап етеді, өйткені бұл азаматтардың мемлекетке деген сеніміне тікелей байланысты.
Бахаргүл Төлеген,
Астана қаласы маслихатының депутаты, “Әдемі-Ай” компаниясының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері