Елорда тынысы

«Әлеуметтік әмиян» берері мол

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске қосылады. Енді аз қамтылған 1 миллион отбасының атаулы әлеуметтік төлемдері осы әмиянға түседі. Әлеуметтік маңызы бар 19 тауарға әкімдік тарапынан берілетін қосымша қаражат туралы ақпар да осы қосымшада болады.

Салалық министрлік әлеуметтік әмиян Ұлттық банк пен банктер тарапынан осы тетікті енгізу жұмыс­тары аяқталғаннан кейін мүмкін болатынын айтты. Іске қосылған соң әлеуметтік-еңбек саласына мемлекеттік қолдаудың барлық төлемдері әмиян арқылы жүзеге асырылады. Оның ішінде бір жасқа дейінгі бала күтімі, жұмысынан айырылу бойынша жәрдемақылар және басқалары бар. Осылайша Сауда министрлігі баға саясатын бақылауға аламыз деп отыр.

Жалпы 2023 жылы әлеуметтік салаға жұмсалатын шығындар 10 триллион 634 миллиард теңгені құрайды. Бұл былтырғымен салыс­тырғанда 1 триллион 985 миллиард теңгеге көп. Шығындардың негізгі бөлігі, яғни 4 триллион 634 миллиард теңгесі әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке тиесілі. Оның өсуі жыл сайынғы индексация­мен және зейнетақы, жәрдемақы алушылар санының ұлғаюымен, сала қызметкерлерінің және мемлекеттік қызметшілердің жалақысының артуымен байланысты.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button