Қала мен Сала

Әлеуметтік нысандар – басты назарда

Астанада әлеуметтік нысандарды салу үшін 420-дан астам жер учаскесі анықталды. Мектеп салу үшін – 158, балабақшалар үшін – 185, медициналық орталықтар үшін (емхана, перзентхана, оңалту орталығы) тағы 78 жер телімі бөлінді.

Медициналық орталықтардың саны жаңа тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында ашылатын медициналық мекемелерсіз көрсетілген. Әлеуметтік нысандарды салу үшін жер учаскелерінің саны жыл сайын ұлғаяды.

Елордада тұрғындардың қатысуымен 2035 жылға де­йінгі қаланың бас жоспарының жобасы талқылануда. Астана бас жоспарында болашақ әлеу­меттік нысандардың (мектеп, медициналық орталық, балабақша) орналасуы туралы айтылды. Қаланың бас жоспары жобасы аясында түрлі бағыт талқыланады: қаланы дамыту, халық саны, әлеуметтік нысандар салу, көлік инфрақұрылымын перспективалы дамыту қамтылған.

Астана бас жоспарының жобасын талқылау 2022 жылғы 15-18 қараша аралығында «Астанагенплан» ҒЗЖИ» ЖШС ғимаратындағы (Астана қ., Ә.Мәмбетов көшесі, 22) көрме залда өтеді.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button