Қала мен Сала

Әлеуметтік қолдау көрсетілді

2022 жылы Астана қаласында шамамен 180 мың адамға мемлекеттік  әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Атап айтқанда, ақысыз қызметтер және ақшалай төлемдерді ақысыз жол жүру, «Инватакси» қызметімен тасымалдау, қатты отын сатып алу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, протездік-ортопедиялық көмек, мүгедектер арбалары, тифло-сурдоқұралдар, міндетті гигиеналық құралдары, стоматологиялық протездеу, санаторий-курорттық емдеу, ымдау тілі мамандары және тағы да басқа іс-шаралар елорда әкімдігі арқылы жүзеге асырылды.

Мүгедектігі бар адамдарға республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен келесі әлеуметтік көмек көрсетіледі:

– қалалық жолаушылар көлігі маршруттарында тегін жүру (таксиден басқа);

– мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға екі жылда бір рет стоматологиялық протездеу қызметі (қымбат металдардан жасалған протездерден басқа), емдеу, мүгедектер күніне орай бір реттік ақшалай төлемдер (қазанның екінші жексенбісі) 2,5 АЕК (28 960 адам), қатты отын сатып алуға әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейінің 4 бірліктен аспайтын табысы бар, басқа тұрғын үйі жоқ, оның иелері (жалдаушылары) болып табылатын, жергілікті (пештік) жылытуы бар жеке тұрғын үйлерде тұратын мүгедектігі бар тұлғаларға көрсетіледі, өтем­ақы 16 АЕК мөлшерінде жылу мерзіміне төленеді (ағымдағы жылы 15 қазаннан 66 адам), газ қазандығын салу және монтаждау бойынша шығындарды өтеу 130 АЕК аспайтын сомада (27 адам), қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға бір реттік әлеуметтік көмек – жылына 13 АЕК мөлшерінде дәрілік заттарды сатып алу (1 170 адам) және ақшалай түрде ақылы медициналық қызметтер алу (өрт кезінде) 400 АЕК, үй иелеріне тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтерге ақы төлеу (шектерде) отбасының айлық жиынтық кірісінің 5%-ы­нан асқан жағдайда тағайындалады;

Статистика органдарының деректеріне сәйкес 2022 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша елордадағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары: жұмыс күші – 621,1  мың адам, жұмыспен қамтылған халық – 592,9 мың адам, оның ішінде: жалдамалы қызметкерлер – 521,1 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық – 72,8 мың адам, оның ішінде: өнімді жұмыспен қамтылғандар                  68 386 адам және өнімсіз жұмыспен қамтылғандар –                3 408 адам. Жұмыссыздар саны – 28,2 мың адам (28231 адам)

– атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын адамға (отбасына) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырма ретінде беріледі. Шарт­сыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде;

– мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалтудың техникалық құралдарын берудегі әлеуметтік көмек 23704 адам қамтылды.

Елордада жұмыссыздық деңгейі – 4,5%. Бұл көрсеткіш республикалық көрсеткіштен 0,4% тармаққа төмен (РБ – 4,9%).

Статистика органдарының деректеріне сәйкес, 2022 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша елордадағы еңбек нарығының негізгі индикаторлары: жұмыс күші – 621,1  мың адам, жұмыспен қамтылған халық – 592,9 мың адам, оның ішінде: жалдамалы қызметкерлер – 521,1 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық – 72,8 мың адам, оның ішінде: өнімді жұмыспен қамтылғандар 68 386 адам және өнімсіз жұмыспен қамтылғандар – 3 408 адам. Жұмыссыздар саны – 28,2 мың адам (28231 адам).

2022 жылдан бастап Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру басымдық болып табылады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 22 мыңнан астам адамды, оның ішінде NEET санатындағы жастарды қоса алғанда, 6,7 мың жасты қамту жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша 15,9 мыңнан астам адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, оның ішінде 7,4 мыңы жастар болды.

Айгүл ТАЛАСОВА,

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

басшысының орынбасары

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button