«Әлқисса – Нұрғиса» атты мерейтойлық концерт өтеді

Астанада даңқты композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Әлқисса – Нұрғиса» атты мерейтойлық концерт өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ғасырлар көрінісін сипаттайтын әндер мен күйлер, халық аспаптар оркестрі мен симфониялық оркестрі, сондай-ақ хор капелласының бірлескен коллаборациясы көрерменді бей-жай қалдырмайтыны анық. Танымал әншілер мен шығармашылық ұжымдар композитор туындыларын шырқап, кеш атмосферасын одан әрі аша түспек.
Іс-шараға қатысушылар:
– Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Светлана Айтбаева, Азамат Жылтыркөзов, Нұржан Жанпейісов;
– Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары: Феруза Рахметова, Артур Ғабдиев, Расул Жармағамбет, Даяна Тілендиева;
– «Отырар сазы» оркестрі;
– Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі;
– Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы.