Мәдениет

Ән әлеміне сапар

Ұлттық музейде музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Дана» жобасы аясында «Ән – көңілдің ажары» атты шығармашылық кездесу өтті.

К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Менеджмент, бизнес және білім колледжі, Еуразия гуманитарлық институты жоғары колледжінің студенттері қатысқан іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, өнерге деген қызығушылығын арттыру, музейдегі жәдігерлер туралы мәлімдеу, музыка өнері арқылы әсемдік пен сұлулыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру.

Кездесу барысында «Есіл-Нұра» халық аспаптары ансамблі өнер көрсетті. Шығармашылық ұжым Ұлы Абайдың «Торжорға» күйін, «Керім-ау, айдай» халық әнін, Үлебайдың «Дударайын», сондай-ақ ансамбльдің ерлер тобы Қазақстан композиторларының әндерінен «Попурри» орындап, көрермендер ықыласына бөленді.

Ұлттық музей қорындағы ән өнерінің биік жұлдыздары, әнші, композиторлардың жәдігерлері туралы айтылды. Олардың арасында ұлы Абайдың құтысы, Шәмшінің пианиносы мен мандолиносы, бас киімі, Мәдина Ералиеваның баяны, Кенен Әзірбаевтың домбырасы, Роза Бағланова мен Бибігүл Төлегенованың, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызының сахналық киімдері, Ескендір Хасанғалиевтың пиджагі, және т.б. бар.

Әсемай РИНАТҚЫЗЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button