Қоғам

Әр бала білім алуға құқылы

Астананың білім ордаларында мектептен шығып қалудың ерте алдын алу жобасы сәтті жүзеге аса бастады. Қазақстанда мектептен шығып қалудың ерте алдын алу бойынша елдік бағдарламасы ЮНИСЕФ-тің инклюзивті білім беру жөніндегі жаһандық бастамасы аясында Кембридж университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев Университетімен бірлесіп, Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарында іске асырылуда.

– Пандемия кезінде оқуға деген қызығушылықты сақтау, инклюзия стратегиясы мен мультидисциплинарлық көзқарас БҰҰ Балалар қорының өзекті бағдарламаларында басымдыққа ие болды, – деп мәлімдеді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.

Нәтижеге апаратын жүйелі жұмыс

Ерте алдын алу жүйесі (ЕАЖ) жүйесі нені көздейді?

  • Мектептен шығып қалу/үлгермеушілік қаупі бар балаларды анықтайды
  • Тәуекелдің әралуан түрлері үшін анықталған предикторлар мне индикаторлардың жиынтығына негізделген
  • Оқушылардың жеке қажеттіліктеріне жауап беретін әртүрлі араласу арқылы оқушылардың мектепте қалуына және жақсы үлгеріміне қолдау көрсетеді
  • Мектеп қызметкерлерінің қатысуымен жүзеге асырылатын жалпы мектептік тәсіл
  • Мектептердің жоспарлай алуы және қосымша әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі

Нысаналы топ, олар:

  • Мектепке бармай жүрген балалар
  • Мектептен шығып қалу қаупі бар балалар:
    • Сабақтан жиі қалатын балалар
    • Денсаулығына байланысты үйде оқытылатын және мүгедек балалар
    • Эмоционалды және мінез-құлық ерекшеліктері бар балалар.

Бұл білім алушыларға қалай қолдау көрсете аламыз?

Балаларға өздерін жайлы және мектеп қауымдастығына қабылданғандығын сезінуіне көмектесу, оқуға жағдай жасау және қолдау көрсету, сыныптағы оқуды қолдау, инклюзивті орта мен мәдениетті құру.

Кембридж университетінің аға ғылыми қызметкері Наталья Яковец пен докторант Камила Роллан Ұлыбританиялық білім зерттеушілері қауымдастығының этикалық принциптеріне сәйкес жүргізілген зерттеудің негізгі құралдары және зерттеудің соңғы кезеңдік нәтижелерімен таныстырды. Пилоттық жобаның тәуекел топтармен жұмыс істеу, жүйені енгізу индикаторлары, менторлық, инклюзивті философия сияқты өзекті бағыттары жиын қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы білім беру бағдарламаларының жетекшісі Татьяна Адерихина оқушылармен жеке жұмыс істеуге арналған модуль бағдарламасының екінші кезеңіндегі негізгі өнімдерге, супервизияның практикалық тәжірибесіне, әлеуметтік педагогтың рөлі бойынша кейстерге арналған тақырыптық баяндамалар сериясын ұсынды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ әл-ауқат департаментінің аға менеджері Әлия Абкенова мұғалімдер мен психологтар үшін табысты құрал ретінде колданылатын отбасы мен мектеп серіктестігі жөніндегі оқу модулін нақтылады. Модуль ЮНИСЕФ сайтында жарияланды, енді цифрлық форматқа ауыстырылмақ.

Кембридж университеті білім беру факультетінің аға оқытушысы, EdD бағдарламасының жетекшісі Элейн Вилсон Қазақстандағы ЮНИСЕФ кеңсесінің Назарбаев Зияткерлік мектептерімен әріптестікте жүзеге асырған табысты бағдарламасы БҰҰ Балалар қорының жаһандық бастамасын қолдайтынын және өзге елдерде іске асыруға лайық жоба екенін атап өтті.

Ботакөз Сейдеш,

Шайзат Ташенова

Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің мұғалімдері

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button