Қоғам

Әр туристен қанша ақша түседі?

Туризм және спорт министрлігі елге келген әрбір шетелдік турист орта есеппен қанша ақша қалдыратынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Министрліктің мәліметі бойынша, былтыр Қазақстанға ең көп турист Өзбекстаннан келген — 3,6 млн адам.

Одан кейін Ресей (2 млн адам), Қырғызстан (1,6 млн адам), Тәжікстан (0,7 млн адам) елдері тұр.

«Сондай-ақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша шетелдік келушілер санының өсуі келесі елдерден байқалады. Мысалы, Қытайдан келген шетелдік азаматтардың ағыны 20 еседен астам өсті (2022 жылы 17,7 мың адамнан 2023 жылы 367,4 мың адамға дейін). Үндістаннан туристер 3 есе (2022 жылы 28,3 мың адамнан 2023 жылы 78 мың адамға дейін), Оңтүстік Кореядан — 2,5 есе (2022 жылы 15,8 мың адамнан 2023 жылы 36,6 мың адамға дейін), Германиядан — 50% — ға (2022 жылы 57 мың адамнан 2023 жылы 85 мың адамға дейін), БАӘ-нен 50%-ға (2022 жылы 6,5 мың адамнан 2023 жылы 10,5 мың адамға дейін) өскенін байқаймыз», — деп жазылған министрліктің Kazinform сауалына берген жауабында.

Бұл туристің әрқайсысы орта есеппен 1500 доллар қалдырған.

«Ұлттық банктің деректеріне сүйенетін болсақ, алыс шетелден келген туристердің орта шығыны — шамамен 1500 АҚШ доллары», — деп жазады министрліктегілер.

Былтыр келген шетелдік туристердің 84,4% — жеке көлігімен және автобуспен, 10,6% — әуе көлігімен, 5%-ға таяу бөлігі — теміржол арқылы жеткен.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button