Елорда тынысы

АЭС салуды қолдау жөніндегі кездесу

Әділет министрлігінде АЭС салуды қолдау жөніндегі Астана қалалық халықтық штабының мүшелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстанда атом электр станциясын салу жөнінде үстіміздегі жылдың 6 қазанында республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Осыған байланысты, АЭС салуды қолдау жөніндегі Астана қалалық халықтық штабының мүшелері ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институтының» QAZPATЕNT ғимаратында министрлік қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару институтының директоры Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы және ҚР Энергетика министрлігі Ядролық физика институтының Астаналық филиалы Қатты дене физикасы зертханасының инженері, PhD докторы Калиекперов Малик Ерланұлы АЭС салудың тиімділігі мен пайдасы туралы баяндама жасады.

Кездесу қорытындысы бойынша штаб мүшелеріне сұрақтар қойылып аталған мәселелер талқыланды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button