АЭС салудың маңыздылығы талқыланды
№11 Қалалық емханда Қазақстандағы атом электр станциясын салу бойынша референдумға арналған кездесу өтті. Еңбек ұжымымен кездесуге медицина саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталмыш жиынның мақсаты — атом электр станциясы құрылысы мәселелері бойынша пікір алмасу. Қатысушылар бұл маңызды қадамның Қазақстан энергетикасының дамуына қалай әсер ететіндігін талқыға салды.
Былтыр энергиямен байланысты көмірқышқыл газының жаһандық шығарындылары 37,4 гигатонға дейін өскен екен, бұл рекордтық ең жоғары көрсеткіш. 2000 жылдың жалпы көрсеткішінен 60 пайыздан астам. Бұл туралы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Жылу энергетикасы кафедрасының меңгерушісі Алмагүл Қайырбергенқызы мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргіуақытта ең көп жұмыс істейтін атом электр станциялары АҚШ аумағында орналасқан. Ол елде 94 реактор бар. Алғашқы ондыққа Қытай, Франция, Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Канада, Украина және Ұлыбритания кіреді. Коммерциялық атом электр станцияларынан басқа, 50-ден астам елде 220-ға жуық зерттеу реакторлары жұмыс істейді және одан да көп салынуда. Ғылыми зерттеулер мен оқытуда қолданудан басқа, бұл реакторлардың көпшілігі медициналық және өндірістік изотоптар шығарады.
«Атом энергиясы – шығарындылары төмен электр энергиясын өндірудің гидроэнергетикадан кейінгі екінші үлкен көзі. Ол әсіресе төмен көміртекті болып саналады. Өмірлік циклдің жалпы шығарындыларын ескере отырып, өндірілген энергия бірлігіне көмірқышқыл газының эквивалентінің ең төменгі мөлшерінің бірін шығарады» деген ғалым одан әрі атом электр станциясының жұмыс істеу қағидаларымен таныстырды.
Ұққанымыз, АЭС-тің белгіленген қуатын пайдалану коэффициенті 90% – дан асады, ал жел электр станциясында 35-40% жақсы жел әлеуеті бар, күн электр станцияларында орташа КИУМ тек 18% құрайды, ал ЖЭК-тің үлкен қуаты үшін үлкен аумақтар қажет. ЖЭК пайдалану мерзімі де атом электр станцияларына қарағанда әлдеқайда аз екен.
Энергетикалық қауіпсіздіктің прагматикалық мақсаттарына сүйене отырып және Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші болып табылатынын ескере отырып-Қазақстанда АЭС салу- бұл айқын, тиімді шешім» екенін айтқан ғалым Қазақстанда АЭС салу экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң мультипликативтік әсер ететінін, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін технологиялар мен сабақтас салалардың жедел дамуына ықпал ететін алға тартты.
Оның айтуынша, бұдан басқа, уранды тұтынудың ішкі нарығы пайда болады, атом электр станциясы ядролық отын шығару бойынша қолданыстағы өндірістің қуатын кеңейтуді қамтамасыз етеді, допода атом-энергетика саласында құзыреттер дамитын болады.
Гүлмира Аймағанбет