АЭС тақырыбында кездесу өтті
Астана қаласында АЭС тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz/
Студенттер Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ядролық физика кафедрасының доценті Ержан Тулековпен кездесті.
Іс-шараға ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, Астана қаласы жоғары оқу орындарының студенттік омбудсмендері мен белсенді студенттер қатысты.
Ақерке Абылайхан бұл ауқымды шараны өткізуде жан-жақты зерделеудің маңыздылығын айтты. Оған қоса, Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы қабылданғанын да атап өтті.
Талқылау барысында ғалым Қазақстанда атом электр станциясының салынуының электр энергиясының тапшылығы мәселесіндегі рөлі туралы ойын жеткізді. Студенттер арнайы маман, ғалым Ержан Алтайұлымен сұхбат құрып, бірқатар қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Кездесуде әр азамат елінің ертеңі үшін өз таңдауын жасауы маңызды екенін атап өтілді.