Елорда тынысы

Әскери куәліктер тапсырылды

Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев интеллектуалды мектебінде 10-11-сынып оқушыларына әскерге шақырылушы куәлігі табыс етілді.

Салтанатты іс-шара «Жас ұлан» әскери мектебі курсанттарының патриоттық ән шырқап, әскери шеберлік өнерін көрсетумен басталды. Мектептің 35 оқушысына осы шараға арнайы шақырылған Ауғанстан соғысы ардагерлері әскерге шақырылушы куәлігін табыс етті.

«Әскерге шақырылушы куәлігі – бұл ер-азаматтың алғашқы әскери құжаты. Сондықтан бұл сәттің салтанатты, еске қалатындай өтуі өте маңызды. Отан қорғау – әрбір азамат үшін қасиетті борыш. Біз осы тұрғыда оқушыларға өз кеңесімізді айттық» дейді Ауғанстан соғысының ардагері, Қазақстан Қарулы күштерінің запастағы полковнигі Толқындат Төлешев.

Патриоттық іс-шара мектеп оқушылары өнерпаздарының концертімен түйінделді.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button