Елорда тынысы

Әскери куәліктер тапсырылды

Астана қаласындағы Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейде оқушыларға әскерге ­шақырылушы куәліктері салтанатты жағдайда тапсырылды.

Салтанатты іс-шарада Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі Ғани Артықов, Астана қаласы «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі Сембек Қабиев, жауынгер-интернационалистер Сәрсенхан Әзімханұлы, Нұриден Ерзақов және мектеп ұстаздары болашақ сарбаздарға ақыл-кеңесін айтып, куәліктерін табыс етті. Ал алғашқы әскери дайындық пәнінен дәріс алған оқушылардың өздері әскери қаруды бөлшектеу, сапта тұру және басқа да өнерлерін көрсетті.

Келешекте Отан қорғаушылар қатарына қосылатын жастардың алғашқы әскери құжатын алуға арналған іс-шара мектеп көркемөнерпаздарының концертімен түйінделді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button