Ел тынысы

Әскери музейде жас суретшілер көрмесі ашылды

ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи музейінде Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжі мен көркемсурет факультеті студенттерінің авторлық жұмыстарынан тұратын «Көктемнің лебі» көрмесі ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ұйымдастырушылар көрмені Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына орайластырып отыр. Студенттер кескіндеме, графика, мүсін, сценография, сәндік-қолданбалы өнер және дизайн секілді өз еңбектерін ұсынды. Мұражайдың атриум залына барлығы 65 жұмыс қойылған. Көрменің тақырыбына сәйкес, олардың бәрі көктемгі түстермен жасалғанын аңғаруға болады.

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың бастығы Арман Асенов пен Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің бастығы Ләззат Әлжан жиналғандарды көрменің ашылуымен құттықтады. Олар жас авторларға шығармашылық жолда сәттілік тілеп, алғыстарын жеткізді.

– Біздің Қазақ ұлттық өнер университетімен ынтымақтастығымыз бірінші жыл емес. 2022 жылы Әскери-тарихи музей мен университет арасында меморандум жасалған болатын. Бүгінгі іс-шарамыз сол келісімнің жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді, – деп атап өтті Л. Әлжан.

Қазақ ұлттық өнер университеті көркемсурет факультетінің деканы Ғайни Мұхтарова атап өткендей, бұл әскери-тарихи музейдің қолдауымен өткізіліп тұрған үшінші көрме.

– Экспозицияда студенттердің семестр бойы орындаған жұмыстары ұсынылып отыр. Біз әскери музей басшылығына өз шығармашылығын кеңінен насихаттауда студенттерді қолдағаны үшін алғыс айтамыз, – деп қосты ол.

Іс-шара барысында студенттер қазақтың ұлттық киімінде дефиле өткізіп, көрерменге концерттік бағдарлама ұсынды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button