Қоғам

Әскери топографтарға құрмет көрсетілді

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде әскери топографтардың кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оған департаменттің әскери қызметшілері, басқа да күштік ведомстволар топографиялық қызметтерінің, отандық IT-компаниялардың өкілдері, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардың оқытушылары және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.

Әріптестерін әскери топограф күнімен құттықтаған Геоақпараттық қамтамасыз ету департаментінің бастығы полковник Серік Жолдыбаев оларға технологияларды дамытуға және елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

– Біз әлемнің барлық дамыған елдері нақты уақыт режимінде мақсаттарды анықтауды, ақпарат алмасуды және мақсатты көрсетуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірыңғай басқару жүйесі – «цифрлық ұрыс алаңын» құру үшін жұмыс істеп жатқан жағдайда тұрмыз. Сондықтан геоақпараттық технологияларды дамыту түрлі саладағы әскери және азаматтық сарапшылардың күш-жігерін біріктіруді көздейді, – деді ол.

Серік Жолдыбаев сондай-ақ бүгінде әскери топографтардың күш-жігері әскери мақсаттағы геоақпараттық жүйелерді Қарулы күштердің әскерлер мен қаруды басқару жөніндегі автоматтандырылған жүйелерімен біріктіруге бағытталғанын атап өтті.

– Функционалдық сұранысқа ие технологияларды енгізу командирлерді жергілікті жер туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде олар қабылдайтын шешімдердің жеделдігі мен тиімділігін арттырады, – деп полковник С. Жолдыбаев инновациялардың маңыздылығын атап өтті.

Кәсіби мерекеге орай геоақпараттық технологиялардың дамуына үлес қосқан мамандарға грамоталар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button