Елорда тынысы

Әуежайда адамдардың мазасын алған

Астана әуежайында адамдардың мазасын алған екі такси жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Көліктегі полиция департаменті бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, жыл басынан бері еліміздің әуе және теміржол көлігі объектілерінде қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиіскені үшін 2841 түлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде 529-ы заңсыз такси жүргізушісі.

«Мәселен, 11 қыркүйекте Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері келуші жолаушылардың мазасын алып, жеке тасымалдау қызметін ұсынған 40 және 57 жастағы қала тұрғындарын анықтап, ұстады. Құқық бұзушылар қоғамдық орындарда тиіскені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.», — делінген Көліктегі полиция департаментінің Facebook-тегі парақшасында.

Көліктегі ПД өкілдері қоғамдық орындарда адамдардың мазасын алып тиіскені үшін ескерту немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын, осы құқық бұзушылықты қайталап жасаған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделгенін еске салды.

Ал шетелдіктер үшін мұндай құқық бұзушылық үшін 5 АЕК айыппұл, қамауға алу немесе Қазақстан шегінен тысқары шығару көзделген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button