Басты ақпаратМәдениет

АФРИКА АЛЫПТАРЫ АСТАНАДА

ERM_7542

Кеше Астана күні мерекесі аясында  IX «Азия жаңғырығы» атты халықаралық цирк фестивалінің шымылдығы түрілді. Онда сегіз мемлекеттің талантты әртістері өнер көрсетті.

ERM_6858

Фестиваль көрермендері Африканың экзотикалық алыптарының шоуын тамашалады.  Керік Багира және мүйізтұмсық Бони, сондай-ақ, үйретілген аюлар мен маймылдар манежге шығып, жұртшылықты  өнерлерімен тәнті етті. Әсіресе, акробаттардың ауада тартылған жіп үстінде жүріп, жасаған қимылдары ешкімді бей-жай қалдырмады. Сонымен бірге, моноцикл мінген эквилибристтер, арқанмен жүретіндер және эфиопиялық әртістердің орындауындағы икарийлік ойындардың барлығы да жас жеткіншектерді ғана емес, ересектерді де таңқалдырды.

ERM_7232

Байқауға қатысып отырған Беларусь,  Ресей, Голландия,  Моңғолия,  Қырғызстан, Түркменстан, Эфиопия және отандық цирк өнерінің майталмандарының барлығы әлемдік деңгейдегі фестивалдардың жеңімпаздары мен өз жанрларының нағыз шебері деп атауға болады.

ERM_7154

Шара аясында «Кавалькада» мерекелік шеруі ұйымдастырылды. Цирк әртістері үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қабанбай батыр даңғылының бойымен Достық көшесіне дейін барып, содан кейін Түркістан және Қонаев көшелерімен жүріп өтті.

Фестивал 7-ші шілдеде аяқталады.

                                                                                                          Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button