Әлеумет

АҒА БУЫНДЫ АЯЛАДЫ

Елімізде 1991 жылдан бастап халық­ара­лық қарттар күні атап өтілуде. Алматы ауданында да жыл сайын бұл мереке елеусіз қалмайды. Халықаралық қарттар мерекесіне орай аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Астана қаласы мәслихатының депутаты Есенжол Бекішев «Ақ жайық» дәмханасында қайырымдылық шара өткізді. Мерекелік шара барысында халық қалаулысы өз сайлау округі бойынша 70 зейнеткерге дастархан жайып, құрмет көрсетті.
– Қарттарға қандай құрмет көрсетсек те, ешқашан көптік етпейді. Өйткені, жастық жігерлерін бейбіт өмір жолында сарп етіп, еліміздің өркендеуі үшін еңбек еткен жандар тек құрметке лайық. Ендеше, дендеріңізге саулық тілей отырып, арамызда аман-сау жүрулеріңізге тілектестігімді білдіремін, – деді депутат. Жайылған дас-тархан мен көрсетілген зор құрметке дән разы болған аға буын өкілдері болса, шарапаты мол мұндай шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.
Сонымен бірге аталмыш аудандағы мектепке дейінгі мекемелерде, орта білім беру, жоғары оқу орындарында еңбек ардагерлерімен, Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесулер өткізілді.
Біздің елімізде әрбір ардагердің қажеттілігі ескеріліп, оларға барынша қамқорлық жасалуда. Осыған орай, аталмыш аудан мекемелері кезінде қызмет атқарған, бүгінде құрметті демалыста жүрген қарт-қарияларын шақырып, сый-құрмет көрсетті. Атап айтсақ, «Астана Тазалық» ЖШС, «Астана Көгалдандыру құрылысы» АҚ, «Астана су арнасы» МКҚК, «Астана-Өнім» АҚ, «Астана тазарту» ЖШС және т.б. мекемелер ұжымдары еңбек ардагерлерін мерекелік шараларға шақырып, дастархан жайып, сыйлықтар тапсырды.
Сондай-ақ, Интернациональный, Промышленный, Железнодорожный, Мичурин және Күйгенжар тұрғын алаптарында елордалық кәсіпкерлердің қолдауымен мерекелік шаралар өтті.
«Зейд» ойын-сауық орталығы ұжымы жалғызілікті қариялар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қарауындағы 50 қарияға қайырымдылық ас беріп, концерттік бағдарлама ұсынды.
«Алтын адам» мейрамханасында (басшысы кәсіпкер Р.Кәрімов) 200 зейнеткерге арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Дәмелі ӘБДУАЛИЕВА,
Алматы ауданы әкімдігі ішкі
саясат бөлімінің басшысы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button