Денсаулық

Ағама көмегін аямады

Елордадағы «Жанұя» Қазақстан әлеуметтік медицина кампаниясы» ЖШС медициналық директоры Замира Күмісбекқызының жақсылығын айтып, алғысымды білдірсем деп едім.

[smartslider3 slider=3273]

Үй жанындағы емханаға бүгінде жасы 70-тен асқан ағамды қарату үшін хабарласқанымда, Замира дәрігер оны бірден есепке алып, ревматизм бойынша ем-домын көп ұзатпай алуына көмегін тигізді. Сонымен қатар осы орталықтың медбикесі Айсұлу Әбілдиноваға да рақмет айтамын. Денсаулық сақтау саласында он жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Замира Күмісбекқызы – алғыр әрі жауапкершілігі жоғары дәрігер. Осы медицина мамандарының дер кезінде берген көмегінің арқасында жасы келген ағамның қазір денсаулығы жақсарды. Қашан да алдына келген көмекке мұқтаж адамға көмегін аямайтын осындай ақ халатты абзал жандардың еңбегі еленіп, абыройы арта берсін дегім келеді. Мереке қарсаңында барлық сала қызметкерлерін құттықтап, жемісті еңбек етіп, бақытты да берекелі өмір сүруін тілеймін!

Раушан КЕТТЕБЕКҚЫЗЫ,

елорда тұрғыны, зейнеткер

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button