ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Ағартушы есімі беріледі

Елордада №83 мектепке Ыбырай Алтынсарин атауы беріледі. Бұл жаңалықты Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов мәлім етті.

[smartslider3 slider=401]

«Биыл елордада ұстаздар күні қарсаңында ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринге бюст ашылды. Салтанатты шараға зиялы қауым өкілдері қатысты. Қазіргі таңда ономастикалық комиссия отырысында қаладағы №83 мектепке Ыбырай Алтынсарин атауын беруді қарастырып жатырмыз. Әрине, заң аясында жүзеге асатын процесс, сондықтан уақыт талап етіледі. Оның үстіне шешімді тек әкімдік қана қабылдамайды, жұртшылықпен ақылдасып шешіледі. Ономастика комиссиясы құрамында мемлекеттік орган өкілдерінен бөлек, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен қоса белсенді азаматтар бар» деді А.Оралов.
Мектепке ағартушының есімін беру шешімі осы айдың соңында немесе қарашаның басында шығады. «Мектепке Ыбырай атамыздың атын беру бастамасын бәрі бірауыздан қолдайды деп ойлаймын. Тұлғаның ұлттық білім саласына сіңірген еңбегі мен қалдырған мұрасы баршамызға аян» деді елорда әкімінің орынбасары.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button