ЖаңалықтарТағзым

Ағартушы мүсіні – Астанада

Елордадағы №83 мектептің алдында қазақ даласында алғашқы қоңырау соққан ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин мүсіні орнатылды.

[smartslider3 slider=531]

Тұғыры граниттен, негізі қоладан құйылған мүсіннің ашылу рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, Л.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, ақын Несіпбек Айтұлы және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. «Ел тарихындағы елеулі тұлғаларды ұлықтау – біздің парызымыз. Бүгін біз қазақ халқының аяулы перзенті, саналы ғұмырын, қажыр қайратын бала тәрбиелеуге және халықтың ағарту ісіне арнаған ұлы тұлға Ы.Алтынсариннің бюстын ашуға жиналып отырмыз. Бұл ағартушының 180 жылдық мерейтойына арналған игі шара деп есептейміз. Алдағы уақытта дәл осы №83 орта мектебіне Ы.Алтынсариннің есімі беріледі деген жоспарымыз бар. Мұндай игі бастамаларды әрі қарай да жалғастыра береміз» деді Асхат Оралов.
Шараға қатысқан қоғам қайраткерлері де ұстаз мәртебесін ұлықтау, білім берудің сапасын арттыру бағытындағы Алтынсариннің арманы бүгінде ақиқатқа айналғанын тілге тиек етті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button