Жаңалықтар

Аграрлық несие корпорациясы Jańa Dala көрмесіне қатысты

Ақмола облысында өткен «Jańa Dala/GreenDay 2022» Егістік күні көрме-көрсетіліміне отандық шаруаларды қаржыландыратын ең ірі компания – Аграрлық несие корпорациясы қатысты.

[smartslider3 slider=3490]

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өз Жолдауында аса тұрақсыз халықаралық жағдай қалыптасқан қазіргі кезде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы зор екенін атап өтті.

Аграрлық несие корпорациясы ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға несие өнімдерін ұсынады. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында корпорацияның желісі бойынша 7 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өнідірушісін қаржыландыруға 182,5 млрд теңге бөлінді.

[smartslider3 slider=3491]

– Республикалық бюджеттен қысқа мерзімді несие ретінде 70 млрд теңге бөлінген болатын, бұл қаржы «Кең дала» бағдарламасы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын несиелеуге жұмсалды. Бұған қоса, Үкімет 70 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Шаруалардың көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы бастауы үшін корпорация қосымша қаражаттың түсуін күтпей өз қорынан несиелендіруді бастады. Қазіргі таңда бұл берешектер бюджеттік қаржымен алмастырылып отыр. Жалпы 2022 жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыруға корпорация 330 миллиард теңге жұмсауды көздеп отыр, – деді Аграрлық несие корпорациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиал директорының орынбасары Олжас Баймаханов.

Көрме-көрсетілім барысында корпорация мамандары шаруалар үшін қаржыландыру бойынша кеңестер беріп, несие шарттарымен таныстырды. Несиелеу «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» атты үш бағдарлама бойынша жүргізіледі. Қаржы мал және егін шаруашылығына, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жобаларын жүзеге асыру үшін ірі және шағын тауар өндірушілерге беріледі.

Сонымен қатар, корпорация аграрлық сақтандыру бойынша агенттік қызметттерді атқаруда. Аграрийлер үшін сақтандыру құны мемлекет бөлетін субсидия есебінен 50 пайызға төмендетіледі.

Жыл сайынғы «Jańa Dala/GreenDay 2022» Егістік күні көрме-көрсетілімі АӨК саласындағы озық үлгідегі технологиямен танысуға, отандық және шетелдік аграрийлердің өзара тәжірибе алмасып, іскерлік байланыстардың нығаюына септігін тигізетін тиімді алаң. Дәстүрлі шараға 5 мыңнан адам қатысып, 30-дан аса компания өз ауылшаруашылығы техникалары мен қондырғыларын іс жүзінде таныстырады. Одан бөлек түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдері мен шеберлік сабақтары өтеді.

Анықтамалық ақпарат:

Компанияның бағдарламаларымен www.agrocredit.kz сайтында танысуға болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button