ЖаңалықтарҚала тіршілігі

«Агроқалашық» абаттанып келеді

Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен қаланың шеткі аймақ тұрғындарымен кездесулерді жалғастырып жатыр. Өткенде «Көктал-1» тұрғын алабында атқарылған жұмыстар туралы баяндаса, осы аптада «Агроқалашық» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ерлан Дәкенов қатысқан жүздесуде аудан басшысы елді мекенде тиянақталған істер туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

[smartslider3 slider=749]

«Агроқалашық» тұрғын алабында биыл көшелерді жөндеу, қоғамдық кеңістіктер салу, газ тарту сияқты бірқатар мәселелер шешілді. Атап айтқанда, бір қоғамдық кеңістік салынып, 8 көшеге асфальт төселді. 21 көшеге жарық тартылып, 11 көше әкімдік балансына қабылданды. 7 аула абаттандырылды. 4 бағдаршам, 5 жылы аялдама орнатылды. Жаңа №26 қоғамдық көлік бағдары іске қосылды. 10-ға жуық көшеге қажетті жол белгілері қойылды. Су тасқынының алдын алу үшін 21 мекенжайда жалпы ұзындығы 5 мың метрді құрайтын су өткізу құбырлары тартылды.

Қазіргі таңда «Агроқалашық» тұрғын алабында 70-тен астам көшеге газ тартылды. Қалған 20 көшені қараша айының ортасына дейін қосу жоспарлануда. Бүгінге дейін 235 үй газға қосылса, 665 тұрғын техникалық шарттарды алды.

Аудан әкімі тұрғындармен келер жылға қойған жоспарларымен бөлісті. Мысалы, алдағы жылы «Агроқалашық» тұрғын алабында көшелерді жөндеу, 1200 орынға арналған мектеп құрылысын бастау, электрқуатымен қамтамасыз ететін ЭЧ-8 желісін әкімдік қарамағына алу, аулаларды мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдей отырып, инклюзивті алаңдар жасау, аялдама кешендерін қалыпқа келтіру және т. б. жұмыстар жоспарлануда.

Тұрғын алаптарды дамыту бағытындағы жұмыстар – қала әкімі Алтай Көлгіновтің қатаң бақылауында. Есет Байкен алдағы уақытта «Көктал-2» тұрғындарымен кездеседі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button