Астана аудандары

«Агроқалашық» тұрғындарымен кездесті

Осы аптада Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен «Агроқалашық» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындарды толғандыратын қоғамдық көлік, жол-қозғалыс белгілері, әлеуметтік нысандардың, соның ішінде оқушылар мен ересектерге арналған түрлі орталықтар мен спорт алаңдарын ашу сияқты мәселелер талқыланды.

[smartslider3 slider=1607]

Әкіммен жүздесуде саябақ салу, жолдарды жөндеу, мектеп құрылысы, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы айтылды. Аудан басшысы бұл жұмыстар бойынша жоспарлар нақтыланып жатқанын жеткізді.

«Жыл аяқталуға жақын. Алдағы жылға жоспар құрып, бағыт-бағдарымызды реттеу мақсатында тұрғындармен кездесулеріміз жалғасады» деді Е.Байкен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button