Жаңалықтар

«Агроқалашықта» орталық ашылады

Жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын арттыру маңызды. Бұл бағытта арнайы орталықтарды және қосымша спорт үйірмелерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

[smartslider3 slider=1106]

 

Бір жыл бұрын «Агроқалашық» ауданы тұрғындарының бастамасымен қосымша білім беру секциялары мен спорт үйірмелерін ұйымдас­тыру ұсынысымен Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығына бардық.

Қала әкімі А.Көлгіновтің тапсырмасы бойынша Білім, Дене шынықтыру және спорт басқармаларымен бірлесіп мәселелер пысықталды.

Соның нәтижесінде экскурсиялар мен туризм бағыттарынан тыс театр, шахмат, тоғызқұмалақ, гитарамен ән айту, қазақша күрес, домбыра, арт-дизайн, вокал, хореография, сурет салу, ағылшын тілі сияқты қосымша секциялар ұйымдастырылды.

Балаларымызға сапалы білім беру үшін аталған мекемені жаңа талаптарға сәйкес жаңғырту міндеті тұр.

Мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және белсенді тұрғындармен бірлесіп, орталық басшысының орталықты жаңғыртуға қатысты жобасының эскизін талқыладық. Ұсынылған шешімдерді іске асыру алгоритмі әзірленетін болады.

Өз кезегінде, эскиздік шешім орталықтың триатлон құрылысын, қосымша спорт залын, кіреберіс тобын, күрес және хореография залын қайта жаңартуды, робот техникасы, көркем және аспаз өнері, музыкалық аспаптар, үстел ойындары, актерлік шеберлік, дизайн кабинеттерін, сондай-ақ дрондарды пилоттау, компьютерлік үлгілеуге және сауаттылыққа үйрету бойынша бағыттарды қарастырады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button