Елорда тынысы

«Иран өркениеті, мәдениеті мен өнері»

Аstana international university V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасы Елшілігінің мәдени өкілдігімен бірлесіп, «Иран өркениеті, мәдениеті мен өнері» атты көрме-концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оған Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің өкілдіктері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Іс-шара барысында Аstana international university вице-президенті Қайрат Абдрахманов арнайы сапарлап келген шетелдік қонақтарға AIU мен Қазақстанның жас астанасының қалыптасу тарихы, университеттің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері туралы айтып, білім, ғылым және мәдениет саласындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа есік әрқашан ашық екендігін жеткізді.

«Сіздерді Астана халықаралық университеті қабырғасында қарсы алып отырғаныма қуаныштымын, Бүгінгі шара білім мен мәдени дәстүрлер алмасу үшін тамаша алаң болатынына сенімдіміз және бүгінгі сапарларыңыз үшін алғыс айтамыз. Сондай-ақ бүгінгі көрме мен концерт ғалымдарымызға, студент-жастарымызға рухани ләззат сыйлайтынына және елдеріміз арасындағы тәжірибе алмасуды одан әрі дамытуға негіз болатынына сенімдімін», — деп атап өтті AIU вице-президенті Қ. Абдрахманов.

Сонымен қатар Иран Елшілігі мәдени өкілдігі басшысы Али Акбар Талеби Матин де жылы лебізін білдіріп, университетпен қарым-қатынас жасауға және өзара әріптестік қатынастар жалғаса бертініне сенім білдірді.

«Иран Ислам Республикасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына толық құраммен қатысты. Жарысқа елуден астам спортшылар алып келдік, олардан бөлек 8 адам әртүрлі мәдени бағытта іс-шараға қатысып отыр. Сонымен бірге біздің музыкалық топ өздерінің бағдарламасын дайындап алып келіп отыр. Бағдарламасының атауы да «Көш» деп аталады. Бұл Иран Елшілігінің мәдени өкілдігі де осы V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына ерекше ықыласымен қатысып, оны қолдайтынын білдіреді. Сондай-ақ Иранның мәдени өнерін тек көшпенділер ойынында ғана емес, Астананың түрлі ұйымдарына да көрсетуге тырыстық»,-деп атап өтті ол.

Сондай-ақ шара аясында бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныптары мен миниатюралар және бейнелеу өнері туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Жиналған қауым концерт, каллиграфия және қолжазба шеберлік сабақтарын көріп қана қойған жоқ, сонымен қатар Иран мәдениетінің бірегей элементтерін көрсетуді қамтитын бай бағдарламаны тамашалады.

Айгерім ИБРАЕВА,
AIU әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button